Қазақстанда мысықтарға арналған мейрамхана ашылады!..

Жақында елімізде марғауларға арналған дәмхана ашылады, деп хабарлайды BNews.kz. Жаңа форматтағы дәмхананың ашылатыны туралы ұйымдастырушалыр "Вконтакте" әлеуметтік желісінде хабарлады.

Қазақстанда мысықтарға арналған мейрамхана ашылады
Фото: metro.co.uk

Олардың айтуынша бұл антидәмхана мен мысықты жақсы көретіндер клубының біріктірілген түрі болмақ. Мұнда мысықты жақсы көретін жандар олармен қалағанынша ойнап, тамақтандыра алады. Әрі тек өткізген уақыты үшін ғана ақша төлейді.

Тегін wi-fi, түрлі шайлар мен тәттілер, үстел ойындары, кітаптар, шеберлік сабақтары мен семинарлар мен жақсы көңіл-күй сыйлаймыз дейді ұйымдастырушылар.

Дәмханада темекі шегуге және ішімдік ішуге тыйым салынған. Оның нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

BNews