"Ораза - адам денсаулығы үшін қауіпті!!!"-деп соғатындар шықты...
2014 ж. 16 шілде
3854
11
Ораза кезіндегі ашығу адам ағзасының құрғауын туғызады. Ал ол өз кезегінде инсульт, инфаркт, тіпті, онкологиялық ауруларға әкеп соғады деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас гастроэнтерологы Роза Бектаева "Мегаполисқа" берген сұхбатында.
Оның сөзінше, оразаның шартттары - таңның атысынан күннің батысына дейін ішіп-жемнен бас тарту - адам ағзасы үшін тым ауыр жүк.
"Күні бойы сусын ішпеу - тым артық кету. Күні бойы тамақтанбай, түн болғанда ас ішу де медициналық тұрғыдан дұрыс емес", - дейді ол.
Дәрігер, сонымен қатар, ауызашар беруді де сынады. Дәрігер ауызашарды тағам толы дастархан басындағы түнгі отырыс деп түсінеді екен.
Тамақтану режимнің осылайша күнде бұзылуы ас қорыту жүйесіне, жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесіне қатер төндіреді деп отыр Роза Бектаева.
"Дәрігер ретінде мені, қайталап айтайын, күні бойы сусын ішуден бас тарту қатты алаңдатады. Бірақ бұл жерде не істеуге болатынын мен білмеймін. Мүмкін медицина мамандары мен мұсылман діні өкілдері біріге отырып, осы мәселені қайта қарайтын уақыт келген шығар?! Өйткені мен о бастан солай жазылды деп ойламаймын. Мүмкін, біреу Қасиетті жазбаны дұрыс түсіндірмеген болар, бәлкім?!", - дейді Роза Бектаева.