Бұрынғы бiлiм және ғылым вице-министрiне қатысты сот отырысы басталды

Бүгiн Астанада №2 Алматы аудандық сотында бұрынғы Бiлiм және ғылым вице-министрi Саят Шаяхметовке қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары агенттігінің тiлшiсi сот залынан.

Бiлiм және ғылым экс-вице-министрi Саят Шахметовке 1,5 млрд теңге көлемiнде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда.

Сотталушылар қатарында Шаяхметовпен бірге "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры А.Пак және "ЗАК Сервис" серіктесті бұрынғы бас директоры Р.Киреев те бар Сот отырысы судья Бақытбек Сыздықовтың төрағалығымен өтуде.

Нұрлан Бейсекеев отырысқа айыпталушының қорғаушысы ретiнде қатысуда. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/322068.html

"Қазақстан-Жаңалықтары" АА