Қазақстандағы үздік министрлер анықталды

Қазақстандағы ең үздік министр болып Әсет Исекешев атанды. Министрлер мен орталық ведомстволардың жетекшілеріне жүргізілген рейтинг нәтижесі осындай деп хабарлайды 7 арна "Время" газетіне сілтеме жасап.

Асет Исекешев. Фото Марат Абилов
Асет Исекешев. Фото Марат Абилов

"Время" газеті хабарлағандай, Исекешев индустрализацияға жауап беретіндіктен беделі арта түскен.

Сарапшылардың пікірінше, одан кейінгі орында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев тұр. Ол еуразиялық экономикалық интеграцияға жауап береді және аталмыш одақтағы еліміздің мүддесін қорғайды.

Үздік үштіктің қатарында, Қаржы полциясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков бар. Ол басқаратын ведомства биыл заңды бұзған лауазымы жоғары шенеуніктерді жауапкершілікке тартқан. Олардың қатарында, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов және Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов білім және ғылым, ауылшаруашылық вице-минстрлері бар. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/322069.html

7 арна