Ірі шенеунік парамен ұсталды!..
2014 ж. 16 шілде
1648
0
Шымкентте облыстық аумақтық жер инспекциясының басшысы 4 млн теңгені жымқырмақ болған сәтте қаржы полициясының қолына түсті.
Облыстық мекеменің жетекшісі бұл қаражатты жер дауына қатысты түйінді шешіп беремін деп алғанға ұқсайды. Осылайша кәсіпкердің пайдасына мәселені реттемек болған шенеунік сот санкциясымен қамауға алынды.
Оған қатысты қылмыстық кодекстің аса ірі мөлшерде пара алу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Кәсіпкердің пайдасы үшін жер телімі бойынша кассациялық сотқа шағым келтіру үшін "Бекжан базар" ЖШС құрылтайшысының көмекшісі арқылы лауазымды тұлға бола тұра, Өңірлік Даму министрлігінің ОҚО аумақтық жер инспекциясының бастығы Ө.Панзарбек 4 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды", - деген мәлімдеме жасады ОҚО қаржы полициясының баспасөз хатшысы Эльвира Қадірсізова. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/322024.html
31 арна