Елімізде номерді өзгертпестен, ұялы байланыс операторын ауыстыруға болады
2014 ж. 15 шілде
1785
0
2015 жылы ұялы байланыс желілерінде нөмірлердің ауыспалылығы енгізіледі.
Бұл туралы бүгін елордада басталған байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық басшыларының кеңесінде Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда елімізде "Ақпаратты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық коммуникациялық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық орта қалыптастыру, отандық ақпараттық кеңістікті дамыту бағытындағы міндеттер қарқынды шешілу үстінде.
"Ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті күшейту үшін біз ұялы байланыс желілерінде нөмірлердің ауыспалылығын енгізу бойынша жұмыстарды бастадық. Біз Қазақстан абоненттері 2015 жылдан бастап бұл қызметті пайдалана алатын болады деп күтудеміз", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар бірінші вице-министр өз сөзінде бүгінде еліміздің әрбір екінші тұрғыны сандық эфирлік телевидениемен қамтылғанын баса атап өтті.
"Қамту көлемі шамамен 51 пайызды құрайды. Бағдарлама 2015 жылы аяқталып, қамту көлемі 95 пайызға жетеді", - деді ол. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321908.html
ҚазАқпарат