Әлемдегі ең үлкен ауызашар туралы не білесіз?
2014 ж. 14 шілде
3892
2
Әлемдегі ең үлкен ауызашар Мәдина қаласында өтеді. Онда күніне шамамен 300 мың адам ауыз ашатын көрінеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәдина қаласындағы Харам мешітінде күніне шамамен 300 000 адам ауыз ашып жүр. Мешіттің ауласында 12 000 метрден асатын дастархан жайылады. Күніне осынша адамның ауызашарына 1 миллионға жуық риал (290 000 доллар шамасында) қаражат жұмсалады. Оның ішінде 1 300 000 литр зәм-зам суы, 50 000 литр араб кофесі, 300 000 тоқаш, 50 000 литр сүт өнімі және 50 000 литр шырын, 40 тонна құрма бар. Бір қызығы, ауызашар ары кеткенде 15 минуттан аспайтын көрінеді.
Айта кетейік, ауызашар беру өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышылады.
Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі» дегенінде сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауызашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Расулуллаһ былай деп жауап берді: «Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады» (Бәйһақи).
bnews.kz