Қолтелефоннан кино көрген азамат қолдарынан айырылды…

ужс Телефоннан кино көріп отырған қытай азаматы екі қолынан бірдей айырылды, деп хабарлайды Kazaitys.kz. Оқиға 30 маусым күні болған. Қолтелефон арқылы интернеттен кино көріп отырған азаматтың екі қолы бірдей істен шықты. Ол кино көріп отырғанда телефоны тоқ көзіне қосулы екен. Шамадан тыс қызып кеткен телефон шыдас бермей, жарылып кеткен. Дәрігерлер «енді бұл азаматтың екі қолын кесіп тастағаннан басқа амал жоқ» – деп отыр. Қытайдың Гуаңши өлкесі тұрғынының басында болған бұл оқиға Қытай әлеуметтік желілерінде лезде тарап кетті. Өйткені, мұндай қауіпті жағдай кез келген адамның басына төнуі әбден мүмкін. Сол үшін, құрметті ағайындар! Түнде қолтелефонын құшақтап ұйықтайтын, құлағын құлақшадан босатпайтындар, абайлаңыздар! Және ток көзіне жалғаулы тұрған кезде телефон пайдаланудан барынша аулақ болайық! www.bnews.kz.