2000 жылдық тарихы бар ескерткіштің орнына сауда үйі салынбақ
2014 ж. 11 шілде
2422
1
Шымкентте 2000 жылдық тарихы бар "Патша қорған" ескерткіші құлатылып орнына сауда үйі салынбақ. Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институт директоры Бауыржан Байтанаев осылай дабыл қағып отыр.
Тарих ғылымдары докторының айтуынша, "Патша Қорған" деп аталатын аумақты шымкенттік шенеуніктер май шелпекке айналдырып, құрылыс бастаған. Сонау 1-және 4-ғасыр тарихын қойнауында сақтаған мына аумақта тау қылып, топырақ үйіп тастапты. Археологиялық институт директоры "Патша Қорғанды" қорлап жатыр деп ашынады. Ұстағанның қолында кеткен тарихи жерде әлдебір пысықайлар қазаншұңқыр қазып, құрылысқа қамданып жатыр екен.
Тереңдігі 10 метрден асатын аумақтан күні бүгінге дейін талай тарихтың көзі құрдым болды деп сан соғып отыр.
"Бұл жерде 2 мың жыл бұрын қорған болған. 1 мың жылдан кейін қарауыл төбе салынған. Сөйтіп, екі қабатты археологиялық ескерткіш. Бұл жерде ешқандай құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды. Тыйым салынған заң бойынша. Құрылыстар тек қана археологиялық қазбалардан кейін немесе үкіметтің арнаулы қаулысынан кейін салуға болады", - дейді Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институт директоры Байыржан Байтанаев.
Бірақ үкіметтің де, мәдениет министрлігінің де арнайы қаулысы жоқ. Тарих ғылымдарының докторы археологиялық ескерткіш саналатын мемлекет қорғауындағы жерді қалай жекенің қолына беріп жібергенін түсінбей дал.
"Патша Қорғандағы" құрылыстан хабары бар басшы онда жаңа сауда орталығы бой көтереді деп сүйіншіледі. Тарихи аумақ 2007 жылы сол кездегі қала әкімінің шешімімен жекеге үлестіріліпті.
Ең сорақысы, қазір "Патша Қорғанның" 12 қожайыны бар болып шықты. Соның алғашқысы ауқымды құрылысты келісімсіз бастап жіберді деген бас сәулетші қол қусырумен шектеліп отыр. Бір қызығы, өткен жылы тапсырылған құрылыс жобасының нұсқасын дәл осы бөлімнің мамандары мақұлдап қол қойған. Ал, сәулетшілердің осыншалықты салқынқандылықтарынан қорытынды болмасын білген институт директоры қала әкіміне хат жазыпты. Енді жергілікті билік бұл мәселені зерттеуге кірісіп кеткен. Енді әкімдіктің заңгерлері әрекетке көшіпті. Қала билігі "Патша Қорғанды" мемлекет меншігіне қайтару үшін соттасудан да тайынбаймыз деп отыр. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321302.html
7 арна