Проректор мас күйінде дәрігерлерге сес көрсетті...
2014 ж. 11 шілде
1550
0
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Көкшетау техникалық институтының басшылығы тағы да көпшіліктің көзіне түсті деп хабарлайды КТК.
Институт бастығының орынбасары Вадим Пранге мас күйде рөлге отырып, наркология диспансерінен бір-ақ шыққан. Түн ішінде өрт сөндіру қызметінің полковнигін жол сақшылары тоқтатыпты. Арақ ішкенін байқап, наркологиялық орталыққа жеткізген.
Алайда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты жалғыз жоғары оқу орны бастығының орынбасары анализ тапсырудан бас тартып, дәрігерлердің өзіне сес көрсеткен.
Аталған салада талай жыл еңбек еткен Вадим Пранге сол түні институт түлектерімен бірге тойда болыпты. Енді әкімшілік соттан кейін ол көлік жүргізу құқынан айырылуы мүмкін.