Әлемде ең дұрыс тамақтанатын ел анықталды

Британдық телеарна әр елдердегі адамдардың тамақтануы туралы бағдарламалар сериясын аяқтады. Журналистер Джимми Доэрти мен Кейт Килтон көптеген елге барып, адамның орташа тамақтану статистикасын жинаған.

Диетологтар осы деректерді талдап, елдер бойынша дұрыс тамақтанудың рейтингін түзді. Сарапшылар үшін жеміс-жидек бақшалары, кең жайылымы жоқ Исландияның бірінші орынды иемденуі күтпеген оқиға болды. Бұл елде дүкендегі өнімдердің сапасы өте жақсы.

Исландия тұрғындары қантты өте аз мөлшерде, ал жас балықты, сапалы етті және сүт өнімдерін көп тұтынады, деп хабарлады Kedem.

Италия мен Грекия екінші және үшінші орында. Үздік ондыққа Жапония, Швеция, Норвегия, Дания, Панама, Франция, Испания және Голландия кіріп отыр.

Ең дұрыс тамақтанбау - Маршалл аралдарының еншісінде. Мұндағы тұрғындар АҚШ-тан жеткізілетін тағамдарға тәуелді. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/321178.html

ҚазАқпарат