Құйылмалы балмұздақ ішек ауруларына шалдықтыруы мүмкін
2014 ж. 09 шілде
2621
0
Құйылмалы балмұздақ жеуден бас тартыңыз. Себебі, бұл тәтті тағамнан ішек ауруын жұқтыру қаупі зор. Кезекті рейдке шыққан тазалық сақшылары осылай деп дабыл қақты.
Балмұздақ саудалайтын мына бойжеткен салақтықпен көзге түсті. Отырған орны ешбір санитарлық талапқа сай келмейді. Шөлдеген жұртты қанжылым қаймақпен алдапты. Балмұздақ жасайтын сүт шелекке құйылып, беті жабулы тұр.
Сүт өнімін салатын ыдыстары кір-қожалақ шүберекпен аралас, қорапта жатыр. Айналасы толған қоқыс. Тәтті тағамды сатушының өзі дайындайды екен. Құйылмалы балмұздақтың ыстық күнде ірімей тұрғанына мамандар жағасын ұстап, таң қалды.
"Балмұздақ арнайы технологиялармен жабдықталған жерде жасалуы тиіс. Ал, көше кезіп сатылған бұл өнім, адам ағзасына өте қауіпті", - дейді тазалық сақшылары.
"Фризер аппаратындағы балмұздақтар өте зиянды. Оған қосатын қоспалары арнайы түріне келтіру үшін қайнаған суға араластыру керек. Сосын фризер аппаратына салу қажет. Содан тексерілген сүт өнімдері тағы салатын рожоктары ыдыстары арнайы зертханадан өтіп тексерілуі керек", - деді Медеу ауданы тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы Тағам өнімдері бөлімінің бас маманы Толқын Базарқұлов.
Сапасыз балмұздақты саудалаушылар қаламыздағы кез келген саябақтар мен демалыс орталықтарында жосып жүр. Медеу ауданында жыл басынан бері 7 жабайы сауданың жолы кесілді.
Мамандар, "тексеріс жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады", - деп отыр. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321060.html
Алматы телеарнасы