Сауап жинауға асыққан Қызылорда шенеуніктері діндарларды таңқалдырды
2014 ж. 09 шілде
1863
0
Қызылордада Рамазан айының қасиетін түсінген шенеуніктер сауапты іс жасауға ұмтылып жатыр.
Облыстық басқармалар қаладағы "Ақмешіт-Сырдария" мешітінде, ал қалалаға қарасты құзырлы орындар "Айтбай" мешітінде кезекпен кезек ауызашар жасауда. Осылайша екі мешіттен бір күнде 500-ден аса адам арнайы жайылған дастарханнан дәм татып жатыр.
"Ақмешіт-Сырдария" мешіті бас имамының айтуынша, кәсіпкерлер де оған үлес қосуға ниетті екен. "Бірақ, 30 күнге барлығын сыйғызу мүмкін болмай отыр", - дейді ол.
"Өте таң қалып жатырмыз. Бұрын-соңды мекеме басшылары, халыққа қызмет көрсетіп жүрген азаматтардың таласып-тармасып ауыз ашар бергені бұрын соңды есітімеген едік. "Қадір түнінде" жамағатты серпілту үшін сыйлықтар алып қойып жатырмыз. Яғни, викториналық сұрақтар дайындап және де сол сұрақтарға жауап берген жамағатқа құнды сыйлықтар береміз", - дейді ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі Талғат Омаров.
Бас имамның айтуынша, "Тарауих" намазы кезінде бір ғана мешітте 190 литр ауыз су жұмсалады екен. Осыдан-ақ қасиетті айда Алла үйіне келушілердің қарасы артқандығын аңғаруға болады дейді.
Ал "тарауих" намазына келген жамағатқа бірнеше автобус тегін қызмет көрсетуде. Әртүрлі бағытқа қатынайтын қоғамдық көліктер түн жарымында халықты ақысыз жеткізіп салуда. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321011.html
7 арна