Бостондағы жарылысқа айыпталып жатқандарға қатысты жаңа дерек шықты
2014 ж. 09 шілде
2042
2
Жохар Царнаев шаһит болуды қалаған. Бостондағы жарылысты ұйымдастырған лаңкес мұнысын достарына жиі айтыпты. Бұл туралы Азамат Тәжияқовқа қатысты басталған тыңдалым барысында белгілі болып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Сондай процесте қос отандасымыздың есірткіге әуестегі де айтылды. Яғни, жарылыс болған күні Тәжияқов пен Қадырбаев кіші Царнаевтың бөлмесіне марихуана алу үшін барған екен. Ал, Царнаевтың сөмкесін сол есірткіні сыртқа шығару үшін пайдалаған көрінеді.
Бір жыл, 3 ай істі тергеген Федералдық тергеу бюросы бастапқыда Азамат Тәжияқов пен Диас Қадырбаевты полиция "виза режимін бұзды" деген сылтаумен қамаса, кейін Царнаевтың сыбайластары деген айыпты тақты.
"Біздің күткеніміздей сот шешім шығармады. Өйткені бұл үлкен іс. Сот өзіне алмады жүкті. Ойлағанбыз біз Азамат пен Диастың алдында берген тергеуі заңсыз деп тауып, бүгін істі тоқтатады деп", - деді Азамат Тәжияқовтың әкесі Әмір Исмағұлов.
Сот отырысына 4 куәгер қатыстырылды. Екеуі тергеуші, біреуі университет директоры, тағы біреуі Азамат пен Диастың құрбысы. Соңғысының берген жауабы бойынша, сол күні Царнаевтың бөлмесіне жатақханадағы студенттердің тең жартысы барған екен.
"Бүгінгі тергеуге байланысты тағы бір білген шаруамыз Жохар университетте марихуана сататын дилер болған екен. Балалар тек сол марихуананы алу үшін барған. Ал сөмкені тек марихуананы салу үшін алған", - дейді Әмір Исмағұлов.
Десе де әзірге осы айталғандардың барлығы назарға алынбайтын түрі бар. Бірақ Азаматты қорғауына алған 6 адвокат бар күштерін салуда.
Азамат Тәжияқовтың адвокаты Аркадий Бух: "Азамат әкесінің кеңесімен тергеуге барынша көмегін берді. Яғни, Жохар Царнаев туралы толық сұраған ақпарын айтқан. Бірақ енді, міне, онысын өзіне қарсы пайдалануда. Оны ақтатуға тырысамыз", - деді.
Бостандағы жарылыс былтыр дәстүрлі сәуір марафоны кезінде жойқын болған. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 200-ге жуығы жараланды.
Кейін осы ланкесті ағайынды Царнаевтардың ұйымдастырғаны білгілі болды. Азамат пен Диас сол "күдіктілерге тиесілі сөмкені қоқысқа лақтырды" деп айыпталуда. - Азамат Тажияқовқа қатысты тыңдалым 12 алқа би мен қосымша 6 судьяның қатысумен өтіп жатыр.
Ал оның досы, екінші жерлесіміз Диас Қадырбаевтың соты 8-ші қыркүйекке белгілінген. Егер отандастарымыз айыпты деп танылса, онда олар кемі 25 жылды арқалауы мүмкін.