ЕСЕНИН МЕДАЛІН ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ АЛДЫ!

d185d0b0d0bdd0b1d0b8d0b1d196-d0b5d181d0b5d0bdd29bd0b0d180d0b0         

 Орыстың ұлы ақыны Сергей  Есениннің Алтын медалін қазақтың  көрнекті ақыны Ханбибі Есенқараева   алды. Құттықтап, хабарласқанымызда  Ханбибі апай алғысын білдіріп, қуанып   қалды.

- Есенин медалін алып тұрып,  Мәскеуде «Есенин деген біздің қазақ.  Өйткені орыс халқында Есен деген есім  жоқ» деп едім, мәскеуліктер «сен біздің  медалімізды ғана алмай, ақынымызды  да алып кететін түрің бар ғой» деп күлді   бәрі.

- Онда Есенсарының ұлының   атындағы сыйлықты Есенқараның  қызы алған екен ғой...

- Дәл солай болып тұр. Рахмет, айналайындар!

              Сонымен, кезінде Ұлықбек  Есдәулетов, Ғалым Жайлыбай секілді дүр шайырлар алған Есениннің алтын медалі иегерлерінің қатарына  хан қызындай Ханбибі апайымыз да  қосылды.

              Шабытыңыз шалқи берсін, Ханбибі  апай!

«Жасқазақтықтар»