“Ақ жолды” шын жүректен құттықтаймын!

17
983

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы, тарих ғылымының докторы:

Ұлт саясаты туралы құжат дүниеге келіпті

Мен шын жүректен «Ақ жол» партиясын құттықтаймын. Ұлттық саясат туралы жүйелі құжат дүниеге келіпті.Менің ойымша бұл оппозияцияның екінші бөлігіне де әсер етеді. Құдайға шүкір, міне осыдан бір-екі жыл бұрын саяси бәсекеде бет-бұрыс басталды. Жалпы маған партияның конструктивтік бағыты ұнайды.

Бұл құжатта ұлттық құн­дылықтар жайында айтылыпты. Құжатты бұдан да жақсы ету үшін мен өзімнің ұсыныстарымды айта кетсем.
Біріншіден, менің ойымша Қазақстанда ұлттық идентификация керек, немесе этностық индентификация. Қайтадан ұлтын көрсету. Өйткені, патша өкіметінде этностарды басқаша атады. Мысалы, орыстарды великорус, украинец, белорус деп атады, сонда орыстың саны азайып қалды. Кеңес дәуірінде де санақта түрлі қитұрқылар болды. Елдің біразы еврейлігін жасырды, біразы татарлығын жасырды, біразы украин мен белорус екенін жасырды, барлығы орыс болды. Ал Өзбекстанда көбісін өзбек деп жазып жіберді. Бұл Кеңес дәурінің қазаққа қолдан жасалған қарсы саясаты болатын. Міне осыған орай, этностық идентификация қажет. Ол қалай анықталады дейсіз ғой. Оны ғылыми зерттеулер арқылы, мысалы зираттарды зерттеу немесе бабаларынан, ата-тегін зерттеу арқылы анықталады. Ақиқатты орнату керек.
Екінші мәселе, этно­гра­фиялық, этникалық ағар¬тушылық жұмыс керек. Мысалы қазақ қандай болу керек, оның қандай белгілері бар.
Үшінші мәселе, ұлт саясатының үлкен мәселесі ол окультурация, ассимиляция және өз еркімен ассимиляция. Өкінішке орай, біздің мемлекетте ұлттық идея, ұлттық үрдіске мән берілмейді. Біз бір ұлт жасауымыз керек. Мысалы ретінде Түркімен басшы енгізген ұлттық Концепциясын алайық. Түркімен халқы өзара ішінен бірнеше тайпаға бөлінген, әрі олар бір-бірімен некеге тұрмайды екен. Тек қана әр тайпа өзінің ішінде неке құрған. Түркімен басшысы Сапармурат Ниязов түркімен халқының құндылықтарын бірінші орынға қойып, тайпалардың барлығын қосып, барлық тілдерді алып тастап, түркімен тілін ғана ортақ тіл деп белгілеп кетті. Әрине, бұл саясатының кейбір тұстары дұрыс емес. Дегенмен де бұл саясаттың дұрыстығы да бар. Бізге үлкен қазақ ұлтын жасау керек. Қазақ боламын дегендердің барлығын да қазақ болуы мүмкін. Оның рухы қазақ болуы керек.
Төртіншісі, люстрация. Біз Кеңес дәуірінен егемендік дәуіріне келдік те, халықты тазалаған жоқпыз. Люстрация дегеніміз арылу, тазару деген мағынаны білдіреді. Мысалы, біздің мемлекетте азаматтарды қандай да бір жетістігі үшін қолдап жатады, алайда ол мемлекетік тілге қарсы шыққан азаматтардың бірі. Міне осындай әрекеттерге қарап, люстрация саясатын жүргізу өте маңызды.
Ұлттық модернизациясыз саяси модернизация болуы мүмкін емес. Егер де ұлттық модернизация сәтті түрде жүзеге асса, онда этникааралық қатынас, қазақ ұлтшылдығы төмендейді. Қазір біраз қазақтың, тіл десе қаны қайнайды. Егер де тіл, дін мәселесі шешілсе, онда басқа мәселелерге көшу басталады. Осы Концепцияда бұл мәселе айтылыпты. Өте сәтті шыққан құжат деп өз сөзімді аяқтайын.

№42    04.11-11.11.2009

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз