Алматыда 19 жастағы бойжеткен жоғалды

Бір апта бұрын Алматыда 19 жасар Айжан Қалиева із-түссіз жоғалды. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Айжан 1995 жылы дүниеге келген, деп хабарлады Zakon.kz.

2014 жылдың 1 шілдесінде сағат 20.00 шамасында Әуезов ауданында орналасқан үйіне жету үшін Төле би мен Жароков қиылысында таксиге отырған.

Сол сәттен бері қыз туралы ешқандай мәлімет түспеген. Жоғалған қыздың жақындары ол қандай киімде болғанын нақты айта алмайды.

Оның шашы сарғыш, бойы 160 сантиметр екендігі туралы ақпарат бар. Айжанның туыстары полицияға хабарласпады.