Қазақстанда 2016 жылдан бастап сапасыз дизель отынына тыйым салынады

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда К2 экологиялық деңгейіндегі жанар-жағармайды сатуға тыйым салынады, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметінен.

Аталған өнімге тыйым салу мерзімі 2014 жылдың 1 қаңтарынан 2 жыл мерзімге кейінге шегерілді. Бұл шешімді Еуразиялық экономикалық Кеңес комиссиясы қабылдады. Ол ағымдағы жылдың 10 шілдесінде күшіне енуге тиіс болатын.

"Қазақстан "КЗ экологиялық деңгейдегі талаптарға сәйкес көшуге техникалық тұрғыда әзір емес. Өйткені мұнай өңдеуші зауыттардағы жаңғырту жұмыстары 2015 жылы ғана аяқталады", - деп жазылған таратылған хабарламада.

ҚазАқпарат

Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320867.html