Азамат Тажаяқовтың інілері Америкаға ұша алмай әлек болып жүр
2014 ж. 08 шілде
1565
0
АҚШ-тың Бостон қаласында қазақ студенті Азамат Тәжаяқовқа қатысты сот тыңдалымы болып жатыр.
Өткен аптада Азамат пен тағы бір жерлесіміз Диас Қыдырбаевтың бостандыққа шығуға мүмкіндіктері бар екенін хабарлағанбыз. Әрине, ол үшін қос студентке тергеушілердің қоқаң-лоққы көрсеткенін дәлелденуі тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.
Сот алдына бірінші болып, 20 жастағы Азамат Тәжаяқов жауап беруде. Бұған оның жақындары мен қорғаушысының "процесс ертерек өтсін" деген өтініші себеп болған-ды.
Сонымен қатар 7 арна Азамат Тажаяқовтың інілері Америкаға ұша алмай әлек болып жүр. Себебі, Астанадағы АҚШ елшілігі олардың біреуіне виза бермей жатыр екен.
Арнаға берген сұхбатында олар осылай өздерінің қиын жағдайға қалғанын мәлімдеді. Екеуінің ата-аналарын көрмегеніне бір жылға жуық уақыт болыпты.
Ал виза тек кәмелетке толмаған балаға ғана берілген екен, оны алып баруы тиіс ағасы болса, рұқсат ала алмай жүр.
"Нақты себебін айтпай тұр. Олар айтады Астана мен Вашингтонның арасында бір техникалық кедергі болды деп соның кесірінен біз визаны бере алмаймыз дейді. Інім 6-шы маусымда каникулға шыққан еді сол ойлап едім да Америкаға барам ғой деп моральдық көмек қуат көрсету үшін. Бірақ, Америка елшілігі бізге визаны әлі бермей жатыр. Біз консулдықтан нотаны алдық, бірақ әлі хабар күтудеміз", - дейді Азаматтың інісі Абылайхан Ысмағұлов.
Айта кетсек, отандасмыздың ендігі тағдыры 12 алқа би мен Дуглас Вудлок деген судьяға тапсырылды. Ал Диас Қыдырбаевтің ісі 8-ші қыркүйекке белгіленген.
Еске сала кетсек, Массачусетс университетінде оқитын қос қазақ баласы былтыр сәуір айында тұтқындалған еді. Оларға Бостондағы марафонда жарылыс жасаған ағайынды Царнаевтарға көмектесті деген айып тағылған.