Жарымжан жандардың несібесін жымқырғандар

0
640

          

618 емделушіcі  бар Алматыдағы мүгедектер мен созылмалы жүйке ауруларына арналған интернат үйіне құзырлы  орындар бірнеше  айдан бері тексеру жұмыстарын  жүргізген болатын.

            Науқастардың  жылдар бойы  алып келген зейнетақысының қайда жұмсалғаны   бей мәлім болып  шықты. Тиісті  қаржы оларды  қамқорлыққа алған жандардың  есеп-шотында  жатуы тиіс болса,  10 жылдан бері   ешқандай есеп- шот ашылмапты  да.

            Алматы қалалық мүгедектер мен созылмалы жүйке  ауруларына арналған интернат үйінің директоры Нәзипа  Оспанова зейнетақының  қайда жұмсалғандығы тура сында есеп беру құжатының болу керектігін  айтады. Ал, мұнда құжат та,  зейнетақы да жоқ. Жаңа басшы төлқұжаттары да жоқ  науқастардың бар екендігін  тілге тиек етті. Тіпті кейбіріне Кеңес заманындағы қызыл  төлқұжатымен ақша аударылыпты.

                Аталған мекемеге мемлекет қазынасынан жылына  500 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп отырған. Әйткенмен  қазір осы ақшаның да нақты  қайда жұмсалғаны белгісіз.

               Жатын орындары мен ас-суға  қатысты науқастардың біразі өз наразылығын білдіріпті.  Интернаттың бүгінгі сиқы  күрделі жөндеуден өткенге ұқсамайды. Жұмсалған қар жының қайда кеткенін анық тау алдағы уақыттың  еншісінде. Әйтсе де, жарымжан жандардың ақысын жеу   жақсылыққа апармайтыны   анық.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз