Air Kazakhstan ұшақтары 2015 жылдың көктемінен бастап қызмет етеді
2014 ж. 07 шілде
1158
0
Air Kazakhstan компаниясы Bombardier Aerospace компаниясынан Q400 NextGen маркалы 10 ұшақ сатып алды.
Бұл туралы бүгін Астанада Bombardier Aerospace компаниясы аталған ұшақты таныстыру кезінде Air Kazakhstan компаниясының президенті Нұржан Шәкіров.
"Біз Bombardier Aerospace компаниясынан Q400 NextGen маркалы 10 ұшақ сатып алдық. Әрқайсысы 23 млн доллардан. Біз оларды лизинг арқылы төледік. Ұшақтарды елімізге әкелу кезең кезеңімен іске асырылады. Алдымен 2015 жылдың наурыз-сәуір айларында 5-6 ұшақ келеді. Сол кезден бастап олар еліміздің аспанында ұша бастайды", - деді ол.
Ал Bombardier Commercia Aircraft компаниясының вице-президенті Рой Джонстың айтуынша, аталған ұшақтар ұшақтардың болашақ буыны деп аталуға әбден лайық және Орта Азия елдерінде ұшуға өте ыңғайлы.
"Q400 NextGen ұшағы Орта Азияның барлық өңірлеріне жақсы келеді. Ол 50 градус ыстықта да 50 градус аязда да сынақтан өткен. Сонымен қатар ұшақ үнемділігімен де, қауіпсіздігімен де белгілі", - дейді ол.