"Қазақ қыздарының сұлулығынан көз ала алмай қаламын..."
2014 ж. 07 шілде
1967
0
Сенегал-америкалық рэпер Эйкон екі күн бойы қонақүйден шықпай демалып, сенбіде астаналық журналистермен кездесті, деп жазады "Инфо-Цес" газеті.
Еске сала кетейік, әнші Астана күнінде "Сарыарқа" велотрегінде "Асқақтай бер, Астана!" би кешінде бір жарым сағат бойы ән салды.
Эйкон Қазақстанға екі рет келіп-кеткенмен (бұған дейін Алматыда болған) Астанаға алғаш рет ат басын бұрыпты.
Журналистердің қазақтың қай ұлттық тағамын татып көрдіңіз деген сұраққа әнші вегетариандық болғасын ешбір тамағын жеп көрмегенін айтты.
Есесіне ол қазақ қыздарының сұлулығына тойып жүр екен.
"Қазақтың қыздары өте сұлу екен. Қонақүйден шықпай отырғанымның себебі де - сол. Шықсам, қыздардан көзімді ала алмай қалам", - депті Эйкон.
ҚазАқпарат