Назарбаев атындағы университет ашылды

d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b2-d183d0bdd0b8d0b2d0b5d180d181d0b8d182d0b5d182           

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда  халықаралық дәрежедегі университет ашу туралы бастама  көтерген болатын.

Басты мақсат – жастарымыздың әлемдік  деңгейде білім алуына жағдай жасау. Біраз уақыттан бері «Астана  университеті» деп аталып келген  білім ордасына Елбасының фамилиясы берілді. Оқу ордасы ресми  түрде «Назарбаев университеті» деп  аталды. Оқу орнына қабылданған студенттерге әлемнің таңдаулы деген 11 жоғарғы оқу орындарының  ғалымдары дәріс береді. Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі  жыл бұрын Қазақстанда осындай халықаралық университет ашу туралы бастама көтерген еді. Ондағы мақсат – жастарымыздың әлемдік  жоғары деңгейдегі ғылым-біліммен  сусындауына жағдай жасап, ел үшін  қажетті мамандар даярлау. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  оқу ордасына мемлекет тарапынан  500 гранттың бөлінгендігін  және онда үш ғылыми орталықтың болатындығын  айтты.

              Сонымен қатар Елбасы  болашақта елді өркендетер  жастар осында тәрбиеленеді деп санайтындығын тілге   тиек етті.

У н и в е р с и т е т к е   интелектуалдық мектеп  түлектері қабылданатын  болды. Ең бастысы, олар  ағылшын тілін жетік білуі  қажет. Студенттерге  қойылар талап осы.  Өйткені мұнда  дәрістердің барлығы осы тілде  жүргізіледі. Яғни, университеттің білім беру базасы шетелдік оқу  орындарымен тең дәрежеде болмақ.

              Назарбаев атындағы университет әлемнің ірі-ірі жоғарғы  оқу орындарымен бірлесіп  жұмыс жасайтындықтан  «Болашақ» бағдарламасымен шетелге жіберілетіндердің саны  қысқартылатын болады. Себебі   Елбасының тапсырмасына сәйкес,  медицина, инженерия және энергетика салаларына тағайындалатын  «Болашақ» шәкіртақысы алынып   тасталады. Ендігі жерде аталған мамандықтар бойынша мамандар Назарбаев атындағы университете   даярланады.

            Университ еліміздің білім туралы  заңдарынан дербес жұмыс істейтін  болады. Ел Президентіне ұстаздар   қауымы   университеттің   құрметті профессоры атағы берілді.