Қарағанды облысында туберкулезге шалдыққан сиыр еті саудаға шыққан

Қарағанды облысында туберкулезбен ауырған малдың еті саудаға шығып кеткен. Бұл жайт өңірдегі шаруа қожалығықтары біріндегі 80-ге тарта ірі қарадан анықталған кеселден соң әшкере болды.

Өкпе құрты Абай ауданына қарасты "Ата" шаруа қожалығындағы ірі қаралардан табылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Еттен кесел анықтаған мамандар артынша мал соңында жүргендерді де тексеруден өткізіпті. Абырой болғанда, олар аурудан аман болып шыққан.

Қазір дертке шалдыққан мал түгел сойылып, ет комбинатына жөнелтіліп жатыр. Оның өзінде етті басқа емес, тек консервілеуге ғана жарайтыны қадап айтылыпты. Бірақ  мамандар кесел анықталғанға дейін сойылып, саудаға шығарылған малдың барын да жасырмайды. Сондықтан олар өңірдегі жұртты ірі қараның етін қолдан сатып алмауға шақырып отыр.