Ұлы отан соғысының хабарсыз кеткен тағы бір ардагері табылды

1906 жылы туған жерлесіміз Айшанбек Асылов Ленинград түбіндегі шайқаста қаза болған. Марқұмның сүйегін артында қалған ұрпағы бүгін Ресейден Қазақстанға әкеліп жерледі деп хабарлайды 7 арна.

1941 жылдың қыркүйегінде Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинградты қорғауға жіберілді. Соғыс тарихындағы ең ауыр бұл шақас 900 күге созылды. Оның жеңіспен аяқталуына сержант Айшанбек Асыловтың да қосқан үлесі бар екен. Марқұмның сол шайқасқа қатысқандығы, тек сүйегі табылған соң ғана белгілі болып отыр. Белгісіз боп келген солдаттың артында жалғыз қызы қалған екен. 76 жастағы зейнеткер  бұл күнді 72 жыл күткен. "Қайран әкемді көремінбе деп самолет ұшса тоқтап, менің әкем түсе ме деп ойлаушы едім. Хабарлаған соң балаларым барды. Қолымнан жерлеп отырмыз", - дейді батырдың қызы Мәрияш Жакина. Бұл жаңалық марқұмның ұрпақтарына хабарлаған сол кескілескен ұрыста қаза тапқандарды іздеумен айналысатын Ақтөбе мен ресейлік еріктілер тобы. Соғыс өткен орын орманды әрі батпақты жер. Тек сүйегінің қалдықтары ғана қалған марқұмды зерттеушілер арнайы құтыға жазып қалдырған жазбасынан таныған.

"Мәліметтері бар. Осымен қайтқан кісілер табылады.  Кейбірлерінде мына құтылар бос болады. Бұл кісі білген ғой. Қырғын соғыс болған соң осылай жазып кеткен", - дейді жиен немересі Мереке Жакина. Айшанбек Асылов соғыста минометшы болған. Болжам бойынша, 1943 жылғы кезекті айқас кезінде олар тұрған жерге снаряд түсіп, содан қаза тапқан. Міне енді жылдар бойы ну орманда жерлеусіз жатқан батырдың сүйегі Қарағанды облысының, Ахмет ауылындағы зиратқа қойылды. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320433.html

7 арна