Петропавлда Астана күніне орай бір тонна пиротехника атылмақ
2014 ж. 04 шілде
1177
1
6 маусым күні Петропавлда Пестрое көлінде өтетін тамаша отшашу мереке сәнін келтірмек. Бұған төрт маман мен 20 зеңбірек пайдаланылады.
Әрқайсысында 4-тен 12-ге дейін әр түрлі калибрлі оқпан бар. Шамамен аспанға бір тонна пиротехника атылмақ деп хабарлайды Қазақпарат.
"Отшашу оты судан көрінетін болады. Мұнда бес жүз картинадан астам бейнеленеді. Тамаша көрініс болмақ", - дейді "Милёшин" ЖК директоры Юрий Милёшин. 6 шілде, Астана күнінде Петропавлда флешмоб, байқаулар, автожарыс, сондай-ақ концерттік бағдарлама өтеді деп жоспарлануда. Мереке Қазақстан Конституциясы көшесі, Пестрое көлі жағасындағы бес алаңда жалғасады. Мерекелік бағдарламаға 400-ге тарта адам жұмылдырылды. Бұдан басқа шығармашылық ұжымдар қатарында әскерилер де бар.