Әнуар Садықұлов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды
2014 ж. 04 шілде
1543
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - "Арыстан" қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әнуар Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.
Ал Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне Амантай Жанкеұлы Күреңбеков тағайындалды.
Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.