Дәнекер «Ильхам» сыйлығы жөнінде не білеміз?

0
913

       Биыл «Ильхамның» тағайындалғанына он жыл толады. Егемен еліміздің өміріндегі дүниеге келген алғашқы  тәуелсіз сыйлықтардың бірі – «Ильхам».

Бұл сыйлықты тағайындаған – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету мақсатындағы салдарлы саяса- тын қолдау мақсатында құрылған «Өнеркәсіпшілер, кәсіпкерлер және ауылшаруашылық ж ұ м ы с ш ы л а р ы н ы ң қауымдастығы» республикалық қоғамдық қоры. Алдымен осы қордың тарихына қысқаша тоқтала  кетейік. 1999 жылы құрылған қор өз құрамына бірнеше заңды  тұлғаларды және жеке кәсіпкерлер мен медценаттарды біріктіріп отыр.               Қордың өз Жарғысы мен  алдына қойған міндет-мақсаттары бар. Солардың басты-бастысына  тоқталатын болсақ – ақпараттық-кеңестік көмек көрсету, кәсіпкерлерді қолданыстағы  заңнамалармен таныстырып  отыру, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары  мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесу. Республика халқының қажеттерін қанағаттандыру, кәсіпкерлерге банктерден несие алуына көмектесу, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қауымдастық мүшелеріне қысқа мерзімдік, пайызсыз несиелер беру, студенттердің жоғары және арнаулы оқу орындарындағы оқуларын қаржыландыру, мәдениет, өнер және ағарту саласы қызметкерлеріне қолдау көрсету сонымен қатар түрлі қайрымдылық  акцияларын өткізу болып табылады. Қор өз жұмысын бастағалы  өз міндеттемелерін дәйекті және  қажырлы атқарып келеді.

           Қордың жанынан 2000  жылы медценаттар клубы құрылған. Егемен еліміздің эко-номикасын мәдени әлеуметтік  тыныс тіршілігін арттыруға бұл клубтың да айтарлықтай үлесі тиіп келеді. Клубтың құрылуына «БеНТ» акционерлік қоғамының президенті, аталмыш қоғамдастықтың президенті  Ділмұрат Кузиев мырза мұрындық болған.       Сонымен қатар ол осы  клубтың да төрағасы.

           Өзінің 10 жылдық тарихында «Ильхам» сыйлығы Қазақстанның әрбір еңбек және шығармашылық  саласындағы ондаған адамдарына табыс етілді. Бір ерекшелігі алғашында тек ұйғыр халқының  озық тұлғаларына беріліп келген бұл сыйлық, соңғы кездері  ұлтаралық мәртебеге ие болып,  еліміздегі жүздеген ұлттар мен ұлыстардың зиялы өкілдеріне  де беріліп жүр. Мұның өзі «Ильхам» сыйлығының жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың мекеніне  айналған тәуелсіз Қазақстандағы  достық пен бірліктің дәнекері  екендігіне айғақ болғандай.

           «Өнер кәсіпшілер, кәсіпкерлер және  ауылшаруашылық жұмысшыларының қауымдастығы» құрамында  бүгінгі таңда 67 заңды тұлға, 57 мың еңбеккерді біріктіріп отырған 360 кәсіпорындар бар.

            Алғашқы жылдары «Ильхам»  сыйлығы бес аталым бойынша (театр, білім мен ғылым, музыка, өнер,  әдебиет саласы) берілді. Кейін  қоғамдық ұйымдардың талап-тілектеріне сәйкес спорт, ғылым  және бейбітшілік пен ұлтаралық ынтымаққа қосқан үлесі үшін деген үш аталым қосылды.

               Жүлдегерлерді іріктеу әрбір  еңбек және өнер ұжымдары бойынша жүргізіледі. Салалық мамандардан құрылған тәуелсіз төрешілер  алқасы жұмыс істейді. Ұсынылған тұлғалардың құжаттары мен  қазылар алқасы танысып, жасырын дауыс беру арқылы озаттарды  анықтайды. Бір шешімге келгеннен  кейін ғана сыйлық иесінің есімін жариялайды.

                Әлемдік дағдарысқа қарамастан аталмыш қор сыйлық беру  үрдісін жалғастырып отыр. Өткен  жылы да көптеген тұлғалар «Ильхам» сыйлығын иеленді. Сыйлықтан бөлек ондаған қайрымдылық акциялары жасалынды. Мешіттер мен шіркеулерге, мектептерге және  балалар үйлеріне қаржылай көмек  көрсетілді.  Биыл «Ильхам» сыйлығының тағайындалғанына 10 жыл толады.  Қор бұл айтулы датаны да лайықты атап өтудіжоспарлап отыр. Жыл

сайынғы дәстүр бойынша әрбір  саланың «Ильхам» сыйлығына лайық  тұлғалыран ұсыну сәуір-мамыр айларынан бастап жүргі зілуде. Қазылар  алқасының қоры тындысы жылдың аяғында шығарылады.

Алматы қаласы, Жансүгіров

көшесі, М. Якупов атындағы

№101 орта мектеп үйі.

Нақты мағлұматтарды «Ильхам»

сыйлығын тағайындау

жөніндегі ұйымдастыру

комитетінің жауапты хатшысынан

біле аласыздар:

Ұйымдастыру комитетінің

жауапты хатшысы – Муталип

Шахмұрат.

Тел.: 8 (727)- 299-38-87

Факс. 8 (727) -299-36-90

Ұялы тел.: 8 702-368-44-90

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз