«АЛЛАНЫҢ ӨЗІ ДЕ РАС, СӨЗІ ДЕ РАС»

d0b0d0bbd0bbd0b0d18521

(Соңы. Басы өткен сандарда)

 

КӨП   ҒЫЛЫМНЫҢ  КӨКЕСІ

          Бір қызығы адамзат ортақ  мойындаған кейбір заңдылықтар құранда да дәл солай бейнеленген екен. Мысалы әлемнің жаратылысы,  аспан кеңістігі, ғарыш, теңіз, жер шарының қозғалысы,  адам физиологиясы, табиғат  құбылыстары, жәндіктер ілімі, зат алмасу, өмір мен өлім,  т.б. туралы «Құран кәрімнің»  пайымы мен ғылымның қорытындысы көбінеки бірдей  шығатындығы адамды  таңғалдырады. Бір қызығы Құрандағы хикіметтерді  зерттеуші ғалымдардың көбі  оны Мұхаммедтің еңбегі ретінде бағалап келген.

           Биология саласында әлемге  әйгілі АҚШ ғалымы, профессор Альфред Корнер: «Мұхаммед(с.ғ.с) 1400 жыл бұрын айтқан  сөздерді кезінде дәлелдеу мүмкін болмады. Ал бүгін  соңғы ғылыми жетістіктердің көмегімен ядролық физика саласында дәлелденген құбылыстар, сонымен қатар  осыдан 1400 жыл бұрын  Құрандағы «Аспан мен жердің бір тұтастығы» туралы айта  келіп «жер туралы және жалпы ғылым туралы Құрандағы  барлық тұжырымдарды  жиыстырсақ, бұл тұжырымдар  ақиқат, айқын, мұны ғылыми методтармен дәлелдеуге болады», - дейді.

            Торонто университетінің  антомия және эмбриология  саласында белгілі зерттеуші ғалым, профессор Кейт  Мордың «Клиникалық анатомия», «Біз туылғанша», «Адамның дамуы» еңбектері  әлемнің 8 тіліне аударылды. Ол: «Мұхаммед (с.ғ.с) эмбрион мен оның дамуының фазаларын  қалай бұдан 1400 жыл бұрын өте дәлдікпен айта алған, бұны ғалымдар тек 30 жыл бұрын  ғана анықтап отырса?! Мен  адамның қалай пайда болғаны туралы Құран аяттарының мәні  мен мазмұныны түсіндіруге ат салысқаныма өзімді бақытты  деп санаймын. Бұл аяттардың   Мұхаммедке (с.ғ.с) сөзсіз  Аллаһтан жіберілгеніне күмән  жоқ, бұның айқындығына  сенемін. Бұл мәліметтер  Мұхаммедтен (с.ғ.с) кейін 14  ғасырдан соң, тек жақында  ғана дәлелденіп отыр», -дегенді айтады.

           Бұл тұжырымды Бангкок медицина инситутының  анатомия ғылымы саласында ең үздік – ірі зерттеуші  ғалым, профессор Тасажа Тасажон да қуаттайды. «Соңғы 4 жылда менің назарым  қасиетті Құранға ауды. Бұдан  1400 жыл бұрын Құранда айтылған тұжырымдар ақиқат  шындық, мұның ақиқаттығын  лабораториялық ғылыми  зерттеу метоттарымен зерттеуге болады. Жаза да, оқи  да алмайтын Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарғақұранның бәрін  білуші жаратушыдан нұрға  бөлеп берілгендігіне еш күмән жоқ, тек «Алладан басқа құдай  жоқ және Мұхаммед оның Елшісі» екендігін мойындай- тын кез келді. Бұл діннің ең  құндылығы осында»,-дейді.

            Әйгілі француз океанологы,  зерттеуші маман капитан Жак Ив Кустоның көптеген жылдар бойы жүргізген ғылыми зерттеу жүргізу жұмысы арқылы араласпайтын екі түрлі судың  барын анықтаған. Бірақ бұл  құбылыстың осыдан 14 ғасыр бұрын Құранда айтылғанын білгенде ол қатты таңданып, мұсылман дінін қабылдаған екен. Осы салада ең әйгілі  мамандардың бірі, ұзақ жыл  зерттеумен айналысқан АҚШ  океаногы, профессор Хил:  «Құрандағы негіздер нағыз таң  қаларлық (сенсация) жағдай.

                Мен бұл мәліметтердің қайдан табылғанын білмеймін, бірақ бұл фактілер өте-мөте маңызды.  Және...мен жеке өзім бұл білімдер Жаратқан Иеден деп ойлаймын»,- деген екен. Құрандағы хикметтер бұл ғана емес. Басқаны былай қойғанда құранның өн бойына сіңірілген математикалық  цифрлар мен теңдіктердің өзіндік формуласына таңданбасыңызға амалыңыз жоқ. Жалпылай айқанда «Құран кәрім» бүгінгі адамзат ғылымы кәдеге жаратып отырған жаратылыстық  және қоғамдық ғылымдардың  барлық саласын қамтыған  екен. Жәй ғана қамти  салған жоқ, бүгінгі көп ғалымның басын мұжып,  бір-бір ғұмырын түгеткен  ғылыми тұжырымдарға толы энциклопедиялық томдардың жүгін көтеріп тұр. Ендеше  бүгінгі озық ойлы адамзат байыбына әзер барып жатқан қасиетті құранның әр бір  парағының өзі ертедегі адамдар жағынан жазыла салды  дегеннің өзіне сену мүмкін  емес. Исламды мойындаушы ғалымдардың бір арнаға құйылған ортақ ойлары сияқты – оның бір керемет күш – Ие  арқылы жазылғаны сөзсіз. Ол  Ие, әрине, жаратушы жалғыз  Хақ!

            Мұхаммедті (с.ғ.с.) ұлықтау – компьютердің таңдауы  Мұхаммедтті (с.ғ.с.  терістеушілер бір-біріне  қарама-қайшы екі пікір  білдіреді. Біреуі пайғам барымызды оқымаған надан деу  болса, екіншісі оған мүлдем  қарама-қарсы – Құран Кәрімді Мұхаммедтің (с.ғ.с.)  шығармасы ретінде қарау. Алайда олар компьютердің таңдауына сүйеніп бәрі бір  ырықсыз күйге түскен.  АҚШ-тық жазушы әрі  ғалым Майкл Харт адам-  зат тарихындағы әлемнің  ең ұлы жүз адамын ұлылық  дәрежесіне қарай іріктеп, олар туралы кітап жазуды ойластырады. Майкл Харт және  оның серіктері бағалаудың әділетті болуы үшін компьютерге жүгінеді. Компьютерге ұлылардың атқарған  істері, оған жету жолындағы барлық ерекшеліктері және  еңбек жемістері мен оның адамзат қоғамына әкелген ізгілік ықпалы секілді барлық мағлұмат кіргізіледі. Нәтижеде компьютер тарихтағы 100 ірі тұлғаны талдап шығады.

             Ендігі жерде тағы да компьютер арқылы ұлылардың ұлысын табуға тура келеді. Майкл Харт толқыған  көңіл күймен компьютер  түймесін басады. Экранға Мұхаммедтің (с.ғ.с.) есімі  шығады. Бұл жағдай Харт пен  оның серіктерін ойламаған жағдайға тап қылады. Бұған  мойынсал болғысы келмеген олар бір жерден қате  кеткен шығар деп сараптау  жұмысын қайта жүргізеді.

              Нәтиже алдыңғысындай болады. Ғалымдар қанағаттанбаған  раймен тексеру жұмысын әлде  неше рет қайталайды. Бірақ компьютер тағы да Мұхаммед (с.ғ.с.) есімін көрсетеді. Басқа  амалдары қалмаған Харт бастаған ғалымдар ақыры бұл ақиқатты мойындап, бүкіл  дүниеге жар салады. Майкл  Харттың «Тарихтағы 100 әйгілі  адам» деген кітабының ең  басына пайғамбарымыздың  есімі жазылады. Сөйтіп, ғылым төңірегіндегі көп адамның  ислам және Мұхаммед (с.ғ.с.)  жөніндегі қате танымдары желге ұшады. Алланың адал  елшісі әлем алдында жарқырап  көзге түседі.

 

АЛЛАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ  БІЛІМ-ҒЫЛЫММЕН

            Абай: «Ғылымсыз ахирет те  жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж ешбір ғибадат  орнына бармайды» («оныншы сөз») дегенді айтты. Демек, Абай айтқан құлшылық,  сенім тек қана Алла деп жалаң түрде жалбарына беруге  қаратылмаған. Құлшылық құрғақ бас үрумен ғана шектелсе, әрине, оның Аллаһтың  адамзатқа берген ақыл-ой,  кереметінің ізгі кәдеге жарамай қалғаны болар еді.            Ал Абай  Алланың бірлігіне деген асқар   таудай сенім қалыптастырған пенде өзін адами болмыспен,  ғылым-білім, өнермен суарып  отырса оның өзіне деген сенім бәйтерегі одан ары өркен жая  береді дегенді дәріптейді.

               Адамзатқа тура жол  нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы етіп жіберілген Құран Кәрімнің ең алғашқы аяты  «Оқы» әмірімен басталғанды. Яғни, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Жәбірейіл (ғ.с) періште келіп: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең Жомарт! Ол қаламмен жазу  үйреткен. Адамдарға білмегенін  үйретті» деген «Алақ» сүресінің алғашқы аяттарын уахи еткен. Демек, алғашқы түскен  Құран әмірі «Оқы» сөзімен басталды. Аяттағы «оқы» әмірі  қай ілім саласын оқу нақты айтылмағандықтан жалпылама түрде барлық ілім саласын  қамтиды. Яғни, жаратылыстың тылсым сырларымен қоса,  адамзат үшін пайдалы болған  барлық ілім саласын оқып- үйрену осы бір аяттың аясына  сыйдырылған. Әрбір жаратылыс Хақ Тағаланың бірлігі мен барлығын дәлелдейтін кітап  болса, ілім алу сол кітапты  оқудың кілті болған. Сондықтан да ілім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы.  Құран Кәрімнің 670 жерінде ілім жайында баян етіледі.

            Аллатағала Құран кәрімде:  «Аллатағала сендерден сондай иман келтірілгендердің, ғылым берілгендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді  толық біледі» деген. Тағы бір аятта: «Раббым, білімімді арттыр, - деп айт» делінген. Адам ға  білім алудың қанша лық ты сауап  екендігін әз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадисінен білуімізге болады:

«Ей, Әбу Зар! Таңертең  үйің нен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 ракағат нәпіл намаз оқығаннан  да қайырлы. Сол секілді  таңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің  сен үшін мың ракағат нәпіл  намаз оқудан қайырлы». (Ибн  Мажа, Муқаддима 16).

            Ілімсіздік залалының  басты зияны адамды бір жақтылыққа итермелейді. Яғни бір пікір мен көзқарасқа, яки  бір адам мен жамағатқа көзсіз сену, жақтау. Ал қолында ешбір дәләлі немесе қабыл  ететіндей негізі болмастан,  қайсыбір мәселеде жарыққа ұшқан көзсіз көбелектей сеніп,  өз сенімінде табандылық танытса, онда ол таассубқа жатады. Ілімсіздік негізінде өрбіген және шексіз нәпсіқұмарлыққа  берілуден туындаған таассуб қоғамның әлеуметтік мәдени  және экономикалық дамуына бірден бір кедергі болмақ..

         «Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ тағала оған  сол арқылы жәннатқа бару  жолын жеңілдетеді», – деген ардақты Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.).

Абай білімсіз молда-ишандарды сынап былай деген: «Молдалар тұра тұрсын, хусусан бұл заманның ишандарына бек сақ болыңдар. Олар – фитнә ғалым, бұлардан залалдан басқа ешнәрсе шықпайды.

              Өздері хүкім, шариғатты таза  білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін, өзі әһіл  тариқат біліп және біреуді  жеткізбек дағуасын қылады. Бұл іс олардың сыбағасы  емес, бұлардың жеткізбегі  мұхал, бұлар адам алдаушылар, хаттә дінге де залалды.

            Бұлардың сүйгені – надандар, сөйлегені – жалған, дәлелдері – тәсбиғы менен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ!» (38  қара сөз).

            Құнанбайұлының тереңдігі  сол, жоғарыда аталған ғалымдардың барлығының ойы мен зерттеу тұжырымын  әлдеқашан айтып кеткен екен.  Көкірегіне Аллатағала нұр  құйған дала данышпанының  кереметі де осында болса керек.

               Ендеше ойымызды Абай  сөзімен тамамдайтын болсақ, әрине, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта  жалған болмас!»

Жәди ШӘКЕН