ҚАРАУЫЛ, ҚАДІРБЕРДІ, БОТАХАН БАТЫРЛАР

d0b1d0b0d182d18bd180d0bbd0b0d180-34

(ЖАЛҒАСЫ, БАСЫ ӨТКЕН САНДАРДА)

 

      Бұл кезде Шора Церен өзіне-өзі келіп есін толық жинаған уақыт болатын. Жаны қорыққаннан ба, қорланғаннан ба, әйтеуір бет аузын тер басып қарақошқыл түрі бір сұрланып, бір бозарып тұрды.

 «Алла атымен ант етемін, енді қазақ жеріне аяқ баспауға, антты бұзсам тәңір ұрсын!» деп көкке қарап қолымен бетін сипады. Оның сөзін сарбаздары түгел қайталап тұрды. Екі жоңғар сарбазы сұрланып, қайдан алғаны белгісіз екі қылышты білеп Қадірбердіге қарай тұра ұмтылды. Дайын тұрған қазақ жігіттері найзаға іліп, төрт жігіт аспанда тері тулақтай ұстап тұрды да Шораның алдына лақтырып тастады. Екіншісін қылышпен шауып тастады. Шора еңкілдеп жылап жіберді. Елшіден «бұлар кім еді?» деп еді, «Шоранның үлкен ұлы, Қалден Церенің жақсы көретін немересі» деді. «Бізге кінәң бар ма?» дегенде Шора «мен кінәлімін, сендердікі тура. Өлген қазақтың құны шығар, маған тәнірдің жазасы болар». «Екіншісі кім?» дегенде «екеуі де менің балам еді. Денесін кешірім жасап қолыма беріңдер, тірі қалса көрермін, өлсе өлген жерінде көмемін. Бізді босатыңдар» деді. «Екеу ара бір атпен қайтасыңдар, қоршауды ашыңдар, енді осы тойғанымен қайтсын» деді Қарауыл.  Осымен бұл жоңғар барымта соғысы біткен секілді еді. Бірақ, артта әлі үлкен соғыс боларын сенгіш кең пейілді қазақ күтпеген еді. Бүгін ант берсе көкжал қасқыр құсап  жарасын жалап жазып болған соң ескі әдетіне басары сөзсіз еді Бұл соғыстан Қарауыл олжалы қайтты - үйірімен 3700 жылқы, 55 саяқ аттар мен қазақтың 25 ер бала, 17 қыз ,15 жылқышысы босатылды. Шора Цереннің қаруы мен алтын сауыты, 200 сарбаздың  сауыты қаруымен қоса, бұл үлкен олжа, үлкен жеңіс болды. Елге келген соң ел-жұртты жиналып батыры бар, биі бар, сыйлы ақсақалы бар, үлкен боз бие сойылып ас берілді. Бұған Ошақты, Шапырашты, Тілік, Жаныс, Шымыр, және басқа да рулардың ақсақалдары, билері, батырларымен ақындары, сыйлы қариялары жиналды. Ас үстінде Қарауыл орнынан тұрды:

–Уа халайық! Сендерге айтар сөзім, кеңесер шаруам бар еді.

Елдің бәрі тым-тырыс бола қалды.

-Біз бүгін жоңғарды жеңіп, ант бергіздік деп көңіліміз шат-шадыман болып тұр. Бұны Алла ұзағынан сүйіндірсін деп тілейік. Бірақ, менің үлкен қауіпім алда ағайын, қыр астында аңдып, шабар мезгілді күтіп жау отыр. Менің ұлым бір жоңғардың ноян батырын жеңіп, ант ішкізгенмен оның  көзінен кек көрдім, ішінде жатқан арам пиғылды таныдым. Қалден Церен босқа жіберіп отырған жоқ өзінің 5 ші ұлын 200 адаммен, бөлтірік қанды ауызын ауыздандырғандай үйретіп жатыр. Кешегі Шора Цереннің сауытының ішінен жер-суды белгілеген мына орамалды, таптым осыған қарап біздің жүрер жол ішер, суымызға дейін жау біліп, аңысын-аңдып отырған сыңайлы. Кешегі 200 қол барлаушы. Біздің ынтымақ, бірлік күшімізге жасалған тексеріс. Сондықтан менің айтпағым қамсыз отырмайық. Жас жеткіншектерді әскер сарбаз ойынына шындап қаруды қалай қолдану керек екенін үйретпесек, ертең алдынан жоңғар сарбаздары шыға келгенде қолдарынан түк келмей, оңай олжа, тірі нысана болмақ, осыны терең ойлап ақыл-кеңес құруға шақырып едім, бұған не дейсіңдер?

        Орынынан Ошақтыдан келген Есмұрза батыр тұрып: -Осы айтылған әңгіме бәрімізге ортақ. Осы ой біздіде мазалап жүр еді енді шешуін табатын түріміз бар. Егер ынтымақ бірлік болса деді. Мен өзім ошақтыдан 500 дей жігіт шығарам соғыс өнеріне баулу керек деген сөз әбден  ұнап тұр деді. Тіліктен келген Досай би мен Қосай батыр қатартұрды.

       –Халқым Ойық Қаруылдың сөзі анықта түсінікті. Ел қорғау үшін сарбаз үйретейік деген сөз көңілге қонады. Менің ойым әр атадан жиналған қолды үйретуге әр рудың батырына міндеттеу керек, тілік қолын Қосай батырға жүктейміз. Бізденде 500жас сарбаз шығады, -деп сөзін түйіндеді. Осы жиының бел ортасында болған Сүтек батыр, Бөрібай батыр, Абас батыр, Есей батыр осы ойды қостады. Ойық Досбол би тұрып. Біздің ойықтанда жастардан 500 сарбаз құрылсын. Енді бұлардың ішер асы киер сауыт сайманы қару жарақтары астындағы жарамды атты болу керек емеспе деді. Осыны осы жерде жиынға келіп отырған, Әр рудың байлары көмек берсін деп токтады. Бұл шешім бәрінің көңілінен шығып. Осыны жаныс, шапырышты, шымыр, руларының жақсы игілеріне уәжі біз елге барып ақылдасып хабар өзімізден болады. Оу халқым деп. Орынынан өте бай Күреңбай тұрды оң қолындағы тобылғы қызыл күрек сапты басын күмістеген 8 өрімді қамшысын жоғары ұстап біреуді ұрардай болып білеп-білеп қойды. Сонда қалай болғаны мен 500 жігітті аттқа отырғызу үшін 500 жылқы беремінбе. Сонда мен малды осылар үшін жинап отырмынба. Бұл деген шаңқай түсте барымта, көтен зорлық қой. Бұған қоса сауыт сайманы қаруы бар. Бұған мен келіспеймін деді. Тағыда қамшысын білеп-білеп. Досбол би орынынан қайта тұрды. Оу халайық мына Күреңбай байдың айтқаны жөн секілді сырттан біреу естісе бәрі жабылып бір байды өз руластары тонап жатыр екен деп өсек таратқан болар еді. Ал шындығынна келейін Күреңбай кешегі Қадірберді қайтарып әкелген 3700 жылқының ішінде сеніңде 1000 дай жылқың кеттіпті ол әрине 10000 жылқысы бар сен үшін 1000 жылқы шығында емес шығыр. Бірақ сен малды қайтарып алу үшін неге бармадың сенен гөрі қызың Ұлболсын сауыт киіп қуамын деп қасына 15 жігіт ертіп Қарауылға келгенде  Қарауыл пейіліңе ырзамын кейбір ұлдан артықсың ау қарағым осы жолғыны Қадірберді көкеңе бер. Сол қуып барсын сен тағы жігіттер жиып келесі кезекке сен тұр деп қайтарып жібергенін біз білеміз осы распа деді. Күреңбай сәл ойланып рас деді. Күреңбайдың 5 әйелден 11 қызы бар ұл бала жоқ еді. Сонда қазақтар жеңіліп қайтқанда сенің 1000 жылқың қалған ойықтың 700 жылқысы, Қарауылдың 2000жылқысы   барымта болып жоңғарлардың қолында кетіп еді емеспе. Сонда жоңғар сенің кімің еді құдаң ба әлде жиенің бе 1000 жылқы міңгізердей осыны ойла. Әзірге өзімізге бұйырған екен Алладан. Сондықтан осы сөзім бар қазақтың байларына жалпы қара халыққа арналады. Ойланайық ағайындар. Бүгін қайтқан жоңғар 10-мың не 50-мың қолмен келсе мал тұрмақ бас қайғы болмайма? Қызыңды күң  ұлыңды құл қылуға келе жатыр. Сол жоңғар ертең ақ сау етіп қалық секеуілдеп шыға келсе не істер қауқар бар. Бүгінгі әңгімеменің түйініні осы әзірге 500 деген не? әр рудан 1500 ден 2000-3000 ға дейін қол дайын болу керек сонда барып жоңғарға қарсы тұрар күш болады осыны осыжердегі баршаңызға айтқаным. Қазақ деген ел болам десек осыны тереңірек ойлайық. Ру -ру болып қасқыр қуған бір қотан қойдай болмай түге.

Елім  десең  ерлерім

Ертеңді  ойлағын

Қолыңда тұрған байлықты

Беліңе басып жатпағың

Қорғаймыз деп  елімді

Атқа қонған ерлердің

Жолына болсын садаға

Жиып-терген байлығың - деп. Қатты ашына сөйлеп ашуланғаны сонша қамшы ұстап тұрған оң қолы дір-дір етті. Айтпағым осы ел болам десең осы, әйтпесе өз білгенің өзіңде деді де ырс етіп ауыр денесін көтере алмағандай ауыр отыра кетті Сәл үнсіздік орнап әркім бірі сақалын, бірі бетін сипап кетті. Осы мүлгіген аз үнсіздікті Ошақты батыры Есмұрза бұзды гүрілдеген жуан дауысы қатты шықты. Досбол биден артық кім сөйлейді маған осы сөз жылы тиіп  тұр. Егер қазақ бірікпесе күш қоспаса   қазақтың 10-шақты батыры жауға қалқан болмайды. Әр рудан 2000-3000 нан қол шықса ғана жоңғардың 30-100 мың қолына қарсы тұрамыз әйтпесе бәрі бос әңгіме. Осы сөзге мақұл деген батырлар Қадірбердінің жанына қатар тұрайық деді өзі келіп қасына оң йықтан тұрды. Бұл қатарға Сүтен, Бөрібай, Абас, Есей, Қосай келіп тұрды.  Ағалар мен қаламынаба деп Ұлбосын келіп тұрды бар батыр мейіріммен қарады Ұлбосынға. Қадірберді Ағынай батыр туды бері әкел деп шақырды. Ағынай туды көтере ұстап Қадірбердінің  сол қолынан тұрды. Қадірберді туды оң қолымен ұстап тұрып осы туды ұстап халқым сіздерге біз ант етеміз елді жерді қорғауға Қадірберді ұстап тұрған тудың ұзын сабынан Есмұрза келіп ұстаған бұған қалған батырларда Сүтен, Бөрібай, Қосай, Абас, Есей, Ағынай батыр ағаларының қолының астынан Ұлбосын қызда ұстап тұрды Бұны көрген ел-жұрт күңреніп Аруақ-аруақ деп шулап кетті. Ортаға тағы Досбол биге ілесіп Досай билер шығып қолдарын көке көтеріп. Алладан медет сұрап елімен елдің ынтымағын сұрап Тәңірден, бата қылысты. Бұған жиналған жұрт пен келген Шымыр, Шапырашты, Жаныс руларының силы ақсақалдары да бата жасады. Қарауыл тұрып шақырғанға келіп күпті болып жүрген көңілге демеу болдыңыздар. Енді бір өтініш бар. Сіздерден ендігі жерде сарбаздарға қару соғуды жедел қолға алайық  Бізде Нұрым, Даукен, Сейіл, ұсталар бар мына қылыш пен найза осы жігіттердің еңбегі. Ал мына мылтық Нұрым ұстаның еңбегі атып көруге болады деп көрсетті. Осындай ұста бар болар ел ішінде еңбек ақысын белгілеп ұсталарды іске қосайық ағайын. Ал енді келгендеріңізге мыңда бір рахмет жолдарыңыз болсын -деп тарқасты. Арада 2 ай уақыт өткенде Қарауылға тіліктің Досай биінен хабаршы келді. Созақ жеріне осы хабардан 10 күн өткенде Қадірберді Досбол биді басқада батырларды ертіп келсін делінген. Бұл хабар бойынша Досбол бимен хабарласып келген шақырушының әңгімесін естірті. Қастарына 50 жігітпен ертесін деп. Сүтен, Бөрібай, Төлек, Абас, Есей батырларғада хабаршы жіберді. Уәделі күнге 2 күн қалғанда Созаққа қарай жүріп кетті. Созаққа келгенде Досай би күтіп алды. 8 қанат ақ үйге бөлек  түсіріп шақыртқан шаруаны айтты. Мына Қосай батыр 2,5 мың (екі жарым мың) қол жинап отыр. Қазір кешкі салқынмен осылардың өнерін тамашалайсыздар деді. Және бір үлкен хабар Түркістанға хан сарайына Төле би шақырып жатыр оғанда бес күнде баруымыз керек деді. Кешкі салқын түсісімен сарбаздарының өнерін тамашалады. Садақпен жамбы ату, қылышпен шабу найза салу өнерлерін көрді, өте әсерлі өтті. Досай енді мына мылтыққа қараңыздар осыны тілік ұстасы Есболат, Ерболат деген екі ағайынды ұсталар істеді 100 қадамнан адам өлтіреді деп түсіндірді. Қазақтың шит мылтық деген мылтықғы осы болатын. ұстаның бірі Ерболат өзі оқтап, өзі 100 қадам жерге қойылған құмыраны бір атқан кезде быт шыт қылды. Сарбаздардан бір жігіт шығып өзіне берілген екінші мылтықпен олда құмыраны бірінші оқпен түсірді. 1 айдың ішінде 15 мылтық істеді деді. Ертеңіне Түркістанға жүріп кеті бас аяғы 100 адам болды. Жетектерінде 20 жылқысы бар. Үшінші күні кешке Түркістан шахарына келіп жетті. Бүлардың жөнін сұраған соң. Мың басының сенімді жігіті келген қонақтарды керуен сарайға бөліп орналастырды. Қарауыл, Досбол би мен Досай би Төле биге сәлем беруге барды. Төле би бүгінгі елдің хал –жағдайымен тіршілігін сұрады.

–Шораның масқара болып жеңілгенін естіп жатырмын! Оны жеңген батырды ертең көрсетіңдер. Қол жиып дайындық қылып жатқанды естіп қуанып қалды. Әрине Қалдан Церенің әрекет етіп жатқанын хабардармын өте ауыр кезең әлі алда деп ескертті. Ертеңіне ханың жарлығын жиналған ел ағаларына, батырларына жеткізді әр ру басылар өз ортасынан бес қаруы сай соғысу қабілетті бар жасақ дайындауы керек деген болатын. Әр руға өз батыр басын өздері сайласын деген жарлық еді. Бұл жиынға келген әр елдердің бұған көңілі толмасада Төле бидің әр рубасылары мен қоса батырын көріп пікір алысып содан соң  халық жер тағдыры қолдарыңда. Қамсыз отырмау керек екенін жастарды соғыс өнеріне уйрету керек дегенді айтты. Енді бір айтар әңгіме төменгі Таластан келген Ысты, Ошақты, Тілік ағайынның әрекеті осыған сайады. Мына Қарауыл ұлы Қадірберді батыр Шора Церенді жеңіп әкетіп бара жатқан қазақтың ұл-қызы мен қоса малдарында қайтып алып отыр. Бұл әрине мақтанар іс жоңғардың 200 қолын 100 қолмен жеңіп отыр. Бірақ бұндай жақсы күн қазақтың  басына келе бермесі анық. Қалден Церен ертең 50-мың, 100-мың қолмен шапқан жағдайда не істемекпіз осы менің қауіпім осы жоңғар бір түтас отырған күші бір ханға бағынған ел. Біз құсап тарыдай шашылып жатқан жоқ. Менің айтарым осы Ошақты, Тілік, Ысты ағайының әрекетін құптаймын. Батыр кім болса соның туына бірігіңдер әр рудың батыры бір-біріне хабар жеткенде көмекке баратын болса ел аман болатынына мен сенемін. Істеген ерлігі үшін ыстының Қадірберді батырын қол басы болсын деген ұсынысымды қолдайтын шығар төменгі Талас елі.

 –Әрине құптаймыз деп шу ете қалды ошақты-тілік, ағайындар. Ошақты батыры Есмырза, Тілік батыры Қосайда қолдады. Менде қоштаймын деді кіші жүзден келген Сәмеке батыр. Зор денелі екі иығына екі жігіт мінер кең жауырынды. Батырға бәрі аңтарыла қарап. Бұны байқаған Төле би  бұл кіші жүз батыры Сәмеке болады. Е алла осы пенделеріңе өмір, еліме ынтымақ бер дұшпанға таба қылма елімің ынтымағын ұзағынан сүйіндір деп бата қылды. Бәріде осы батаны күткендей сыртқа беттеді. Сырта Хан жасағының мың басы Ертарғын қарсы алды.

 

Жұман  ЫРЫСДАУЛЕТҰЛЫ