Астана күніне орай ел тұрғындары 3 күн демалады
2014 ж. 28 маусым
1059
0
Астана күнінде тұрғындар 3 күн демалатын болды. Биыл 6-шы шілде жексенбіге сәйкес келіп отыр. Сондықтан шілденің 5-6-7 аралығы демалыс.
Осылайша тұрғындар мен қала қонақтары 3 тәулік тойлата алады. Ал елорданың өзінде той тойлау маусымның жиырмасынан басталып кетті.
Биыл бас шаһардың туған күнін атап өтуге бюджеттен 700 миллион теңге бөлінгенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Мейрамда әлемдік деңгейдегі әншілер мен отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп күтілуде.