Әріптесін соққыға жыққан телеарна басшысы қызметінен босатылды
2014 ж. 28 маусым
934
0
Әріптесін соққыға жыққан "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының директоры өз еркімен жұмыстан кетуге туралы өтініш жазды.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазақстан" РТРК" АҚ басқармасының төрайымы Нұржан Мұхамеджанова мәлім етті.
"Мұндай жайттың орын алуын зор өкінішпен қабылдадық. Көкшетау филиалының директоры өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазды", - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін оған, ұлттық арнаның филиал басшысы ретінде еш шағын да, ескерту де болған емес. Ол өзін кәсіби маман ретінде көрсете білді.
"Бұл тек оған ғана емес, бүкіл ұжымға және біздің корпорацияның барлық бөлімшелерінің басшыларына, сонымен қатар басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен сабақ болды деп білемін", - деді Мұхамеджанова.
ҚазАқпарат