Елімізде жеңіл есірткі түрлерін пайдалану заңдастырылмайтын болды

Қазақстанда жеңіл есірткі түрлерін пайдалану заңдастырылмайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Анатолий Выборов мәлім етті.

"Еуропада марихуана мен гашишты шегу арқылы есірткі заттарын пайдалану заңдастырылған. Бұл тәжірибені зерделей келе оны тиімсіз әдіс деген қорытындыға келдік", - деді ол.

Анатолий Выборовтың атап өтуінше, мәселен, аталған есірткі заттарын заңдастырудың салдарынан Голландияда қоғамнан шет қалған буын өсіп келеді.

"Қазіргі таңда Голландияда жастары 25-26-ға келген буын өсіп келеді. Олар қоғамдық өмірге араласпайды әрі қоғамнан тыс қалған. Сондықтан, бұл жол біздің еліміз үшін қабылданбайды", - деді Анатолий Выборов.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, елімізде арнайы есепке трікеліп, есірткіге тәуелділіктен емделушілер саны 39498 адамды құрайды.

"Казинформ" АА