Теңгеден табылған қате

Ақтөбелік түрколог ғалым, тарих ғылымының докторы Талғат Жұмағанбетов 1000 теңгелік купюрадан қате тапты деп мәлімдейді Tengrinews.kz "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.

Тарихшының сөзіне қарағанда, жаңа банкнотта бейнеленген, тастан жасалған бас мүсіні екінші түрік қағанатында әскери қолбасшы болған Күлтегінге тиесілі емес.

Тарихшы ғалымның айтуынша, оны журналистерге жүгінуге интернеттегі ролик мәжбүрлеген. Ол роликте сұхбат берушы 1000 теңгелік купюраны жасауға мұқият дайындалғанын айтқан.

"Менің ашуымды келтіргені, бұл бейнені 1000 теңгелік купюрге орналастыруда түркологтармен ақылдаспаған. Бұл тақырып Жапонияда, АҚШ-та, Еуропада зерттеліп жатыр. Ертең олар біздің үстімізден күлетін болады, бұл біздің тарих қой", -  дейді Жұмағанбетов.

Оның сөзіне қарағанда 1000 теңгелік банкнотта бейнеленген тастан мүсінделген бас Күлтегінге тиесілі емес екенін анықтау үшін сәл ғана түркілер туралы түсінік болса, соның өзі де жеткілікті.

Бірақ бұл Күлтегін емес екені анық. 1000 теңгелік банкнотта жіберілген қателік туралы барлық түркологтар біледі. Ақшаны дайындап, оны таратпас бұрын мамандармен ақылдаспағаны өкінішті" деп қосты ғалым.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Ұлттық банкі 1000 теңгелік жаңа банкнотты 2013 жылдың 12 желтоқсанында айналымға шығарған болатын.

Tengrinews.kz