Қазақстан жақсы елдер рейтингінде Беларусь пен Ресейдің алдын орап кетті
2014 ж. 25 маусым
1022
0
Жақсы елдердің рейтингінде Қазақстан 80-орында тұр деп хабарлайды Tengrinews.kz Goodcountry.org сайтына сілтеме жасап.
Жақсы елдердің тізімін саясат жөніндегі тәуелсіз кеңесші Саймон Анхольт жасаған. Оның ақпараты бойынша Беларусь 82-орында, ал Ресей 95-орында.
Рейтингте әрбір мемлекет білім мен технология, мәдениет, халықаралық достық пен қауіпсіздік, ғаламшар және оның ахуалы, адамдардың өмір сүру жағдайы мен тепе-теңдігі, денсаулығы, байлығы жөнінде бағаланған.
Бұл тізімде Қазақстан денсаулық сақтау және игі істерді атқару айқындамасында – ең жоғары сатыда. Біздің Республикамыз азық түлік тасымалдап халықаралық көмек және қаржылық қайырымдылық көрсеткені үшін, есірткі бизнесіне қарсы тұрып, ДДСҰ-ны қаржыландырғаны үшін 23-орынды иеленген.
Бұдан да жоғары орыннан көріну үшін бізге дәрі-дәрімек экспортының жоқтығы кері әсерін тигізген.