Өтініш иесі: Устемиров Кенжебек, namys.kz сайтынан
ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға өтініш хат.
Мен Т.Рысқұлов ауданындағы Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты Малдыбай ауылында жұмыс істеймін. Жарлысу ауылының дәрігерлері жауапкершіліктен қашты ма білмеймін келіншегімді Ақыртөбе ауылдық округіне барып қаралып тұруға ауыстырып жіберген. Ол жақта уақтысымен тексеріліп жүргенде анасының да баласының да денсаулығында ешқандай кінарат болмаған. 1 мамыр мен 5 мамыр аралығында келіншегім жансақтау бөлімінде Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына жатып шықты. Сонда жатқан кезінде ауруханаға баланың жүрек соғысын тыңдайтын, тіпті толғақ келген келмегенін де анықтайтын аппарат алып келген екен. Сол аппаратқа тусіргенде де анасының да баласының да денсаулығында ешқандай кінарат болмаған. 13 маусым жұма куні сағат 15:00 мен 16:00 аралығында келіншегім толғатып Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына апарып едім дәрігер Айтанова әлі тумайды, ерте деп қайтарып жіберді. Келіншегімді құлаққа салып тыңдайтын апаратпен ғана тыңдап, басқа ешқандай тексермеген. Тіпті тұрған узи аппаратына да түсірмеген. 15 маусым куні келіншегімнің іші қатты ауырып, мазасы болмағандықтан Т.Рысқұлов аудандық перзентханаға сағат 14:00 де қайтадан апардым. Дәрігер бугін босанады деп балаға киім дайындау керектігін айтты. Киім алып келген кезде баланы Кенен Әзірбаев атындағы облыстық перинаталдық орталыққа жолдама беріп сонда босанатыны туралы айтты. Бірақ онда барғанымызда ондағы дәрігерлер баланын журегі соқпай қалған деп жазып жіберген ғой, неге мұнда әкелдіңдер деді. Сөйтсек Т.Рысқұлов аудандық перзентхана дәрігерлері баланын шетінегенін біле тұра жауапкершіліктен қашып, бізді алдап облыстық перинаталдық орталыққа жіберген. Міне осындай жағдайда баласын 37-38 апталық жүктіліктен 16 маусым куні сағат 2:30 шамаларында келіншегім өлі күйінде қыз баланы өз күшімен босанды. Баланың салмағы 1 375 болған.
Облыстық перинаталдық орталықтың маманы Келімбетова Балжан 17 маусым куні баланның құжаттарын берем деп, 17 маусым куні барғанымда 1 аптадан кейін берем деп бермей қойды. Яғни бұлар да өздерінің кіналары болғандықтан баланың құжаттарын бермей, көрсетпей отыр.
13 маусым келіншегімді толғатып Т. Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына апарғанымда дәрігер Айтанова УЗИ-ға түсіріп тексерткенде қабылдап ауруханаға жатқызуға алып қалғанда мұндай жағдайға ұшырамас едім. Балам да өлі туылмас еді.
Осындай басымнан ауыр жағдайлар өтуіне байланысты арызданып отырмын.
Өтінішімді жауапсыз қалдырмайды деп сенемін.
9 ай бойы көтеріп, енді емшегінен сүт сорғалап ағып, жанарынан жас тамып журген анасының да обалы бар шығар. Баланың неден қайтыс болғанын анықтап, кіналі дәрігерлерді тауып, жасаған істеріне сай жауапкершілікке тартылады деп сенемін.