Қазақстандық жол полицейлері ерекше радарға ие болды

Алматы облысында жол қозғалысын енді жылжымалы фоторадарлар бақылайтын болады.

Республикалық маңызы бар Алматы-Бішкек, Алматы-Өскемен секілді күре жолдардың бойында 19 қондырғы іске қосылды. Фоторадарлар жылдамдықты асырған көліктердің фото немесе бейне жазбасын айнытпай түсіреді. Ал оны орнату мен қызметін бақылау полицейлерге жүктеліп отыр.

Фото: dorphttp://www.nur.kz/myadmin/articles/center.php?action=add#at.kz
Фото: dorpat.kz

Енді тәртіп сақшылары жол ережесін сақтамаған жүргізушіні тоқтатып, әуре-сарсаңға түспейді. Жылдамдықты асырған, қауіпсіздік белбеуін тақпаған және жол белгілерін елемеген көлік иесінің әрбір қимылын фоторадар қалт жібермей, қадағалайды.

Фото: dorpat.kz
Фото: dorpat.kz

"Мұндай жағдайда тамыр-таныс арқылы құтылып кетемін деушілердің ойы түбегейлі жүзеге аспайды. Себебі, құрылғы кімнің қандай көлікпен кетіп бара жатқанын алалап жатпайды, ол жылдамдық режимін бұзған көлік құралын сол күйде жазады", - дейді облыстық әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Елдос Жексенбин.

Мұның тиімділігі сыбайлас жемқорлықтың да жолы кесіледі. Инспектор мен жүргізуші арасында байланыс жойылады.

Фоторадардың көмегімен екі аптаның ішінде жылдамдықты шамадан тыс асырған 5 мың жүргізушіге айыппұл төлеу туралы хат жолданыпты. Заманауи фоторадар көлік қозғалысын 50-60 метр жерден айнытпай түсіреді екен.

  7 арна