"Зенит-М" ұшыру кешенi 2015 жылы Қазақстанға қайтарылады
2014 ж. 23 маусым
893
0
"Зенит-М" ұшыру кешенi 2015 жылы толығымен Қазақстанның қарамағына өтеді. Бұл туралы бүгiн Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң төрағасы Талғат Мұсабаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
Бүгiнгi күнi Ресей Федерациясы жалға алып отырған "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенi нысандарының тiзiмi мен "Бәйтерек" кешенiн қолдануға қажеттi Ресей Федерациясының ұйымдастырушылық-жарлық және нормативтiк техникалық құжаттар тiзiмi бекiтiлген.
![]() |
|
Фото: kosmonavtika.com |
"Ресей Федерациясы жалға алған "Зенит-М" ұшыру кешенi нысандарын қайтару және Қазақстан қарамағына өткізу 2015 жылға жоспарланып отыр", - дейдi Т.Мұсабаев.
Сонымен қатар, ол 2014 жылдың желтоқсанында Қазақстанның ғарыш саласының 49 қызметкерiн "Зенит-М" кешенi жүйесi мен құрылғыларын қолдану ерекшелiктерi бойынша оқытуын аяқтау көзделгенiн тiлге тиек еттi.
"Бұл кешендi жалдан қайтарып алғанда оны тиiстi деңгейде қабылдап, қолдануды қамтамасыз ету үшiн қажет", - дейді Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң төрағасы.
