Қазақстанда 200-ге жуық шенеунік 196 млрд теңге жымқырған!

Қазақстанда 139 шенеунік тәртіптік, 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин осындай мәліметтерді келтірді, деп жазады 24.kz.

Оның айтуынша, былтырғы заңбұзушылықтарды ақшаға шаққанда 196 миллиардтан астам теңгені құрайды. Бюджет қаражатының шамамен 140 миллиард теңгесі игерілмеген.

Ал ҚР Қаржы министрлігінің есебі бұдан 3 есеге аз. Оған есептеу жүйесінің әрқилылығы себеп болған. Бұл олқылықты жою үшін заң жүзінде есептеудің бірыңғай жүйесі енгізілмек.

Қозыкөрпеш Жаңбыршиннің мәлімдеуінше, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға республикалық бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, бюджет қаражатын игермеу әсер еткен. Үшінші мәселе – салықтық және кедендік әкімшілік етудің жекелеген мәселелері мен кемшіліктері. Төртінші мәселе – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатты тиімсіз пайдалануы.