Мәсімов: Жемқорлықты жеңу үшін алдымен "қақпадағы тесікті бітеу" керек

Қазақстанда жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресте "қақпадағы тесікті бітеу" қағидасы қолданылады, деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

"Біз жемқорлық әрекеттер мүмкіндігі мен көлеңкелі экономика үлесін азайту үшін екінші бағыт – "қақпадағы тесікті бітеу" дұрыс деп санаймыз. Бұл дегеніңіз бизнесті, экономикалық қызметті жүргізуге қажет рәсімдерді жеңілдету дегенді білдіреді", - деді Мәсімов депутаттардың сұрағына жауап бере отырып.

"Бізде жағдайды түбегейлі өзгертуге тырысатын бастамалар жинағы бар, оның ішінде заңнамалар да, оларды біз парламентке күзде ұсынатын боламыз", - деп толықтырды Премьер.

Үкімет басшысы ауыл шаруашылық қожалықтары үшін салық салу мен есептілік формаларының жеңілдету және ШОБ үшін тексеруді азайту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Премьердің айтуынша, көлеңкелі экономикамен күресте екінші тәсіл барын айтты ол – "қақпадағы тесікті бақылаушы".

"Былайша айтқанда, егер жарда қандай да бір тесік болса, ол тесік ұрыны қызықтырады. Бұл тәсілмен күресудің екі әдісі бар, біріншісі – тесік жанына бақылаушыны отырғызып қойып, ұрыны сол тесіктен өткен кезде ұстап алу. Бұл - жазалау тәсілі. Ол қандай да бір жекелеген органдар үшін жұмыстарының тиімділігін көрсетуде тартымды болуы мүмкін", - деп санайды үкімет басшысы.

Ол Қазақстандағы 19,2%-дық үлесті құрап отырған көлеңкелі экономиканың "сәл аз немесе сәл көп болуы мүмкін" екенін мәлімдеді.