Ресейде шетел сөзін қолданатындарға айыппұл салынбақ

кітап Мемлекеттік Думаның мәдениет комитеті шетел сөзін негізсіз қолданатындарға 2 мыңнан 50 мың рубльге дейін айыппұл салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Бұл бастаманы өткен жылы РЛДП фракциясының бір топ депутаты енгізген. Кейіннен оның жаңа редакциясы әзірленді, деп жазады bnews.kz. "Мұндай бастаманы алғаш көтерген біз емес. Ең бірінші болып мұны француздар қолға алған, өйткені олар ұлы француз тілінің жоғалып кетуіне алаңдаушылық білдірген еді. Мен француздарды өте қатты құрметтеймін, дегенмен де өз еліме, өз тіліме деген құрметім одан кем емес", - дейді Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, режиссер Владимир Бортко. Сондай-ақ ол "шектеу енгізген кезде, ең бастысы, тым асыра сілтеп жібермеу" екенін атап өтті. Заң жобасы бірінші оқылымда 1 шілдеде қаралады деп күтілуде. Источник: BNews.