Алматыда рухани азық беретін "кафе" ашылды

abedinova1906 Алматыда балалар мен жасөспірімдерге тамақ емес, рухани азық беретін "кафе" ашылды. Елімізде бұрын соңды болмаған "IQ Антикафе" ойын-сауық орталығына алғашқы қонақ болып Мұхтар Шахановтың өзі келді. Жаз мезгілінде уақытты босқа өткізетін жастар үшін таптырмас орынға айналған кафенің басты мақсаты ұрпақ тәрбиесі мен жастарды жалықтырмау. Ашылғанына небәрі бір ай болған кафеге келушілердің қарасы көбейген. "Бұл - біздің креативті жоба деуге болады. Біздің жастарды, ұлт жастарын, қазақ жастарын, әсіресе, интеллектуалдық деңгейін дамытуға, ой-өрісін, сөздік қорын дамытуға жұмыс істейтін орын", - деді "IQ Антикафесінің" директоры Сәуле Әбединова. Антикафеде 20-дан астам ойын түрі бар. Шахматтан бастап, дойбы, нарды, тоғызқұмалақ, одан бөлек, балаларға арналған психологиялық ойындар ұйымдастырылады. Айына бір рет ақын-жазушы, танымал тұлғаларды шақырып, танымдық кездесулер жоспарланған. "Анам неше балаңыз бар десе, үш балам бар дейді екен. Үлкені - Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы - Төлеген Айбергенов, кішісі - Мұхтар Шаханов деп айтады екен", - дейді ақын Мұхтар Шаханов. Сонымен қатар, қысылған жағдайда балаңызды 1-2 сағатқа антикафеге қалдыруыңызға болады. Кафе жұмысшылары балаңызға ерекше күтіммен қарап, қамқорлығын аямайды. Жаңаша үлгідегі ойын-сауық орталығы жаз бойы балаларға жайлы орын болмақ. Источник: 31 канал