Қазақстанда спирттік ішімдіктерді кешкі 9-дан түске дейін сатуға тыйым салынды
2014 ж. 19 маусым
1290
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күшті алкогольдік сусындарға қатысты Заңға қол қойды.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Заңмен мейрамхана, дәмхана және барларды қоспағанда спирт ішімдіктерін сату уақыты мен орындарын шектеу мақсатында кешкі 21 сағаттан күндізгі 12 сағатқа дейін жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, күштілігі жоғары спирт ішімдіктерін сатуға тыйым салынады.
Источник: NUR.KZ