Сүйінші хабарды Мәдинаның құрбысы, әнші Қарақат Әбілдина өзінің әлеуметтік желідегі бетшесі арқылы хабарлады: «Сүйінші, достар! Мәдинамыз аман-есен болып, дүниеге ұл әкелді! Құттықтаймыз!».
Естеріңізге сала кетсек, сүйкімді де сұлы қазақтың ерке қызы Мәдина Сәдуақасова 2014 жылдың 2- ақпан күні Олжас Смағұловпен тұрмыс құрды. Мәдина жары Олжаспен осыдан 4 жыл бұрын танысып, тек 2013 жылдан бері ғана кездесе бастаған. Ал күйеу жігіт Олжас Мәдинаға тұрмысқа шығуға ұсынысты оның туған күні 8 қыркүйекте тәтті торттың ішіне сақина салып айтқан болатын.
neke.kz
