Павлодар облысында 60 тонна қарақұмық жанып кетті
2014 ж. 18 маусым
1623
0
Павлодар облысында дала өрті шаруа қожалығының 60 тонна қарақұмығын жалмап кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
"Павлодар облысы Өспен ауданында 17 маусым күні дала өрті орын алып, тілсіз жау "Кравчук И." шаруа қожалығының қарақұмық сақтайтын қоймасын шарпыған. Соның салдарынан 60 тонна қарақұмық жанып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген Қазақстан жаңалықтары хабарламасында.
Өрттің аумағы 1100 гектарды құрады.
"Қазақстан жаңалықтары" АА