Алматыда екі жаңа метро стансаның құрылысы аяқталды
2014 ж. 18 маусым
1819
0
ғ алматы
"Алматыметроқұрылыс" Сайран және Мәскеу стансаларындағы негізгі темірбетондық құрылымдарды салу жұмыстарын толығымен аяқтап, енді сол стансалар жайғасқан қазаншұңқырлардың бетін қайта көму жұмыстарын бастады.
Бұл туралы "Алматыметроқұрылыс" баспасөз қызметінен хабарлады. Сонымен қатар, осы екі станса арасын жалғайтын жері асты тоннелінде жолдың жоғарғы беткейін бекіту және салу жұмыстары жүріп жатыр.
Абай даңғылының астымен жүретін метро желісі Қалқаман кентіне дейін жалғасады. Осылайша метро Қалқаман кенті мен қала орталығын байланыстыратын болады.
Қазіргі таңда Сайран мен Мәскеу стансаларында жұмыс қарқынды жүргізілуде. Абай даңғылы мен Алтынсарин даңғылының қиылысында метроның жер үсті құрылымдары да салынып жатыр.
Айта кетейік, Сайран стансасы Абай даңғылының астында, Брусиловский мен Тілендиев көшелерінің аралығында орналасса, Мәскеу станасы да Абай даңғылының астында, Өтеген батыр мен Алтынсарин даңғылының аралығында орналасқан.
"КазИнформ" АА