Астана метроны қажет етеді – Грег Куинн
2014 ж. 16 маусым
1704
0
Астана – тоғыз жолдың торабында орналасқан саяси-экономикалық, мәдени, білім орталығы. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Грег Куинн мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Астанада тұрып жатқаныма 1,5 жыл болды. Пәтерімнің немесе кеңсенің терезесінен қалаға қарағанымда тамсанамын. Астана күн сайын, ай сайын дамып келеді. Астана өзіндік көз тартарлық сұлулығымен таң қалдырады. Өз басыма Астана өте қатты ұнайды. Бұл қала – тоғыз жолдың торабында орналасқан саяси-экономикалық, мәдени, білім орталығы», - дейді Грег Куинн.
Елшілік өкілі Астананың жол қозғалысын шешу мәселесін ортаға сала келе, алдағы уақытта елордада метро салу керектігін де тілге тиек етті.