Ақтөбеде сальмоноллез ауруына шалдыққандар саны күрт көбейді
2014 ж. 16 маусым
1909
0
Ақтөбеде жаз шығысымен сальмоноллез дертін жұқтырғандар саны көбейген, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі.
Соңғы екі аптаның өзінде осы ауруға 14 адам шалдығыпты. Мамандар ішек аурының бұлайша белең алуын тұрғындардың ас әзірлеудегі салғырттығымен байланыстырып отыр. Себебі, тамақты шала пісіріп, артынан жұқпалы дертке қалай шалдыққанын сезбей қалады.
«Екі үйдің отбасы мүшелері жаппай сальмоноллезді жұқтырған. Тексере келе олардың астан дертті болғандығы анықталды. Бірінші жағдайда жұмыртқа қосып тоқаш пісірген. Бірақ жұмыртқаны шала пісірген екен. Ал екінші жағдайда ауру еттен жұққан. Кәуәп әзірлеп, шала қақталған еттен сальмоноллез таяқшалары табылды», - дейді Ақтөбе облыстық тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент мамандары.
Жыл басынан бері Ақтөбе өңірінде сальмоноллез дертімен 29 адам тіркелген. Олардың оны – бала. Ішек ауруы науқастарға 16 пайызы ет пен сүт өнімдерінен, 38 пайызы салат пен жұмыртқадан жұққан.