Каспий теңізіндегі су қауіпті деңгейге жетейін деп қалды!..
2014 ж. 16 маусым
1710
0
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" филиалының мәліметі бойынша, Пешной кентіндегі Каспий теңізіндегі су қауіпті деңгейге жеткен жоқ.
Бұл аймақта су деңгейі 120 см-ге көтерілген кезде қауіпті деп саналады. 15 маусымда теңіздегі су 26,97 - 26,96 метрге дейін көтеріліп, нормадан 103 - 104 см-ге асты.
Ал болжам бойынша, 128 см-ге жетуі керек еді.
Еске сала кетейік, 13 маусымда Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Гидрометорталығының мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 15-16 маусым күндері Пешной поселкесінде Каспий теңізінде су деңгейінің шамадан тыс көтерілуі күтілуде екендігін ескерткен шұғыл хабарлама таратты.
"Құрғақ жерді жағалаудан 5-6 шақырым қашықтықта су басуы мүмкін", - делінген еді хабарламада.
"Осы болжамның негізінде су басу қаупі төнген Атырау қаласы Еркінқала, Атырау, Кеңөзек, Дамбы ауылдық округтері мен Исатай ауданы Зинеден және Жанбай елді мекендер тұрғындарын эвакуацияға дайын болуы сұралады. Осыған байланысты бірінші кезекте жеке құжаттары, киім-кишектер және бір күнге азық-түлік қорын дайындап коюы міндетті".
ҚазАқпарат