Елімізде пойыз билеттеріне жеңілдіктер енгізілді

38157 Елімізде №19/20 "Атырау-Астана", №77/78 "Алматы-Атырау", №87/88 "Ақтөбе-Астана" жолаушылар пойыздарының "Гранд", "Бизнес" санатты вагондарында жүруге жеңілдіктер енгізілді. Енді мереке алды және мерекелік күндерінен басқа, демалыс күндері тарифтер жұмыс күндерінің деңгейінде болады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл қызметтердің сапасын арттыру және жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жасалды. "Тұлпар-Тальго" пойызының "Гранд" (СВ) вагонында қосымша санитарлық желімен және жеке душ бөлімі бар бес екі орындық купе бар. "Бизнес" санатты вагондарда (жеке санитарлық желісі жоқ екі орындық) "Гранд" вагондарында секілді жолаушылардың жайлылығы үшін отырғыштардың шынтақ таяныштарына жиналмалы шағын үстелдер орнатылды. Сондай-ақ, әр купе пойыз жолсерігімен байланыстыратын телефонмен жабдықталған", - делінген хабарламада. ҚазАқпарат